×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Түркістан облысында әкімнің орынбасары қыз баланы құтқарып қалды

10.08.2022, 13:10
Фото: Ашық дереккөз

Түркістан облыстық полиция басқармасының басшысы Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаз ауылы әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжаппарұлын марапаттады. Ол 13 жасар қызды зорлық құрбаны болудан сақтап қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Оқиға болған күні белгісіз ер адам 13 жасар қыздың шашынан сүйреп, көзден таса жерге алып кеткен. Кейін оны бетінен ұрып, жерге құлатқан соң қыз бала айғайлай бастайды. Бірақ күдікті аузын жауып, қызды тұншықтыра жөнеледі.

Сол сәтте Сүйіндік Сейітжаппарұлы жақын арада әйелімен бірге қыдырып жүрген. Ол күдіктіге жүгіріп барған, алайда, ол қашып кетеді. Әкім орынбасары қыз баланы зорламақ болған күдікті қуып жетіп, полицияға табыстаған. 

Қазіргі таңда қыз баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті қамауға алынды.