×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Серік Күдебаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

01.07.2023, 15:41
Фото: Ашық дереккөздерден

Талдықорғанда Алматы облысы және Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Апелляция Күдебаевқа шыққан үкімді өзгеріссөз қалдырды.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің ел шекарасынан қалай өткенін айтты.

Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің  бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары