×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Депутат Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

03.07.2023, 13:47
Коллаж: Ulysmedia.kz

Заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін мәлім етті. Тағайындалған бұлтартпау шарасы бойынша ол бөлім бастығының бақылауында болуы шарт еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Чернованың айтуынша, із суытқан жігіт кешеден бері табылмай жатыр.

"BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар", - деп жазды заңгер.

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде Тұрлыхановтың ұлы әскерде болуы керектігін айтқан.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары