×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Министрлік әскери бөлімнен қашқан депутаттың ұлы жайлы мәлімдеме жасады

03.07.2023, 14:38
әлеуметтік желіден

Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылғанын, қызметтік тексеріс тағайындалғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұдан бұрын заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Ақпан айында Анна Чернова мен күйеуі Олег Чернов екеуін Нұрасыл Болат соққыға жыққан болатын.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде Тұрлыхановтың ұлы әскерде болуы керектігін айтқан.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары