Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448, 13 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 шілдедеді ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 33 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 451 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу – 450,5.
Ресей рублі 4,97 – 5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 3 шілде күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,17 теңге болды.