×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Айтуға аузың бармайды": Астана әкімі проблемалық нысандарға бөлінетін миллиардтар жайлы

03.07.2023, 16:26
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы проблемалық мәселелерді шешу үшін қыруар қаржы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімнің сөзінше, тек LRT құрылысын аяқтау үшін Астанаға алдағы 2-3 жылда 250-300 млрд теңге қажет.

"ЖЭО-3-ті аяқтау үшін жүздеген миллиард теңге қажет. Кәріз жүйесіне келсек, бұл мәселеге әлі кіріскен жоқпыз. Біз кәрі жүйесі бойынша үш-бес жылдық бюджет  тапшылығын көріп отырмыз. Айтуға аузың бармайтын сома: жүздеген млрд теңге", – деді Қасымбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын елорда басшысы  LRT жобасы қашан аяқталатынын айтқан.

Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Астана әкімдігі өкілінен "сақалды құрылысқа" айналған үшінші жылу электр стансасы жайлы сұраған. Нысанның салынып жатқанына биыл 14 жыл болды.  Депутаттың айтуынша, жылдан жылға жоба құны қымбаттап бара жатыр.

Серіктес жаңалықтары