2021 жылғы қыркүйекте оның алдыңғы тамыз айымен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату – 1%, жаңа тұрғын үйлерді сату – 0,7%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2,5% қымбаттады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ktk.kz-ның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қыркүйегі аралығында жаңа баспана бағасы – 11,7%, абаттандырылған үйлер – 18,2%, пәтерді жалға алу 14,1% өсті. Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы өткен қыркүйек айында елімізде баспананы сату-сатып алуға қатысты 50 364 келісім жасалғанын хабарлаған болатын. Бұл оның алдыңғы тамыз айына қарағанда 8,4% көп.
Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 97,4% артқан.