×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Қазақстандық ару ELLE журналының мұқабасына шықты

08.10.2021, 22:51

Қазақстандық модель, суретші және актриса Айя Сарбасова Elle журналының қазан айындағы мұқабасына шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Журналда Ресейдің түкпір-түкпірінде, Шешенстан мен Украинаға дейінгі бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттерде түсірілген кадрлар жарияланды. Суретке түсіру жұмыстарына жергілікті модельдер, сәнгерлер, фотографтар қатысты. Образдарға жергілікті ұлттық киімге негізделген элементтер қолданылды.

«Журналдың осы нөмірінде 25 мәдениет пен халық туралы көрсеттік. Журнал мұқабаларында Украина, Грузия, Армения, Литва, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да көптеген жердің аруларының суреттері жарияланды», - деп жазды Elle журналының редакциясындағылар.

Қазақстандағы түсірілім жұмыстары Алматы маңы – Көлсайда, Жалаңаш ауылында болды. Кадрда Айя отандық сәнгерлердің киім үлгілерін киген.

Серіктес жаңалықтары