×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанның болашағына сенбеймін: ақтаулық рекордсмен Англияда қырыққабат теріп жүр

06.07.2023, 13:44
Ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық спортшы, Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стритлифтинг пен стритворкауттан әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған Ильдар Ягяев Англияға жұмыс істеуге кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірнеше айдан бері Ильдар Ягяев Англиядағы фермадағы егістікте қырыққабат пен брокколи теріп жүр. Ол теңіз жағасындағы төрт қабатты үйде басқа жұмысшылармен бірге тұратынын айтты, деп жазады Lada.kz.

«Біз жұмыс беруші берген көлікпен алқапқа жетеміз. Газдың ақысын жауып, айдаған жігітке қосымша төлейді. Далада қырыққабат пен брокколиді қолыммен теретінмін. Жақында қызметімді жоғарылаттым, қазір тракторшымын. Мен Англияда көктемнен бері тұрамын. Алғашында салқын болды, бірақ қазір ауа райы жақсарды, ыстыққа үйреніп қалдым. Қазір жұмыстың қызып тұрған маусымы, қыста жұмыс көлемі әлдеқайда аз», - дейді Ильдар Ягяев.

Спортшы апта сайын жалақы төлейтінін айтады. Жалақы жұмыс істеген сағат санына байланысты. 9 сағаттық жұмыс күнімен бір апта бойы шамамен 500 фунт табуға болады.

«Айына 2000 фунт стерлинг шығады, бұл миллион теңгеден асады. Қазақстанда мұндай ақшаны әрең табатын едім, егер тапсам, бірнеше жерде жұмыс істеп, күніне 2-3 сағат ұйықтайтын шығармын», - дейді спортшы.

Ильдар шығыны аз екенін айтады. Ол тамақ пен жеке шығындарға ғана ақша жұмсайды. Өмір сүруге аптасына 60 фунт кетеді. Қызметкерлер ай сайын жалпы табысының 20 пайызы көлемінде салық төлейді.

«Бұл сомаға менің сақтандыруым мен салықтарым кіреді. Ақшаның көп бөлігін отбасыма жіберемін. Мені үйде ата-анам, әйелім, балаларым күтіп отыр. Кейбір отандастарымыз Англияға әйелдерімен келеді, бірақ біз оның балалармен қалғаны жақсы деп санадық, кенже ұлым бір жасқа да толмаған. Әлі кішкентай. Анасыз қиын болар еді», - дейді спортшы.

Ол жақсы табыс үшін кеткенін де атап өтті. Ильдар Қазақстанда жұмыс істеп, отбасын асыраймын дегенге сенбейді.

«Ақтауда спортты дамытуға деген талпыныстарым нәтижесіз болды. Олар жай ғана спорт бөліміндегі мені естімеді. Жеңіске жетіп, туымызды желбіреткен үлкен жарыстардан қаншама рет келдім, тіпті әуежайдан ешкім қарсы алмады. Спортты дамытуға жауапты облыс басшылығына ашық түрде айып тақтым, бірақ проблемалар туралы бірқатар жазбалар жарияланғаннан кейін маған қоқан-лоққылар көрсетті. Маған бірнеше рет постымдв өшңруді өтінді, әйтпесе проблемалар болатынын айтты. Бірақ мен бас тартпадым, керісінше, спортшыларды толғандыратын сұрақтарды ашық көтеруге шақырдым», - деді спортшы.

Ильдар тракторшы болып істейтін қазақстандықтар көп екенін де жеткізді.

«Жұмыс істеуге рұқсат алты айға ғана беріледі. Көптеген қазақтар несиесін толық өтеп үлгерді. Біреулер көлікке, енді біреулер пәтер алу үшін ақша жинайды. Айтпақшы, мұнда небәрі бір айда көлік сатып алуға болады. Англияда жұмыс істегісі келетіндердің көптігі сонша, жұмысқа өтінімдерді қабылдау қазірдің өзінде тоқтатылды. Егер визалық режим болмаса, мен мұнда не болар еді деп елестете алмаймын. Мен балаларымның осында тұрғанын қалаймын. Өйткені, олардың болашағын Қазақстанда көрмеймін», - дейді Ильдар.

Серіктес жаңалықтары