×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Аты аңызға айналған Манчестер Юнайтед ойыншысы реанимацияда жатыр

08.07.2023, 08:23
Ашық дереккөз

Голландия құрамасының бұрынғы қақпашысы Эдвин ван дер Сар реанимацияда жатыр, оның жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жұма күні Эдвин ван дер Сар миына қан құйылды. Қазір ол ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Нақтырақ ақпарат қол жетімді болған кезде, тағы хабарлайтын боламыз. Аякстағы барлығы Эдвиннің тезірек сауығып кетуін тілейді», - делінген ван дер Сар жұмыс істейтін «Аякс» футбол клубының мәлімдемесінде.

Мансап барысында ван дер Сар «Манчестер Юнайтедтен» бөлек «Аякс», «Ювентус» және «Фулхэм» клубтарында өнер көрсеткен. Ол Нидерланды құрамасының сапында 130 кездесу өткізіп, екі еуроның қола жүлдесін жеңіп алды (2000, 2004).

Ван дер Сар төрт рет Премьер-лиганы, екі рет Лига кубогын, үш рет Суперкубокты, Чемпиондар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары