×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Трансұлттық қылмыстық топқа мүше қазақстандық Ресейде ұсталды

09.10.2021, 10:13
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыға іздеу жарияланған адам ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу жарияланған адам трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілі болған және ол Мәскеу облысының Химки қаласында ұсталды.

2013-2018 жылдар аралығында Ресей мен Қазақстан азаматтарынан құралған топ букмекерлік кеңсе ретінде жұмыс істеп жатқан сыңай танытып, заңсыз ойын бизнесі – электронды казино ұйымдастырған. 39 жастағы ер адам құқық қорғау органдарынан жасырынып, 2019 жылдан бері іздеуде жүрді.

Қазіргі уақытта оған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды немесе деген айып тағылды. Қазіргі таңда ол Ресей Федерациясы Химки қаласының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда.

«Елорданың тәртіп сақшылары жеде-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында 24 қылмыскер қолға түсіп, із-түзсіз кеткен 17 адам анықталды. Қазақстан аумағынан тыс жерде іздеуде жүрген екі қылыскер ұсталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары