Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«8 шілдеде құтқарушылар Ақтөбе қаласының «Тропикана» демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестірді. Катамаранда 3 адам болған. Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.
Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды да құтқарды.
Олармен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.