Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел тұрады, 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", – деп жазды ТЖМ-нан.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
"Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін өте қатты жылу күтіледі", – делінген хабарламада.
Азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.