×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нұр-Сұлтанда Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

09.10.2021, 11:13
Нұр-Сұлтанда Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: astana.gov.kz

Осы демалыс күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде Павлодар облысы 550 тонна өнім ұсынды. Мұндағы баға нарық құнынан 10-15%-ға төмен. Елорда тұрғындарына қажетті азық-түлік осы демалыс күндері таңғы 9-дан 18:00-ге дейін сатылады. 

«Біз 550 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкелдік. Негізінен бұл картоп, сәбіз, ет және т.б», – деді Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Жәрмеңкеде санитарлық нормалар толықтай сақталған. Ыңғайлы болу үшін мұнда қозғалыс бағыты да көрсетіліп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған белгілер қойылған, сондай-ақ турникеттерде қол гигиенасына арналған санитайзерлер орнатылған. Келушілерге карантиндік шараларды, оның ішінде маска режимін сақтауды еске салатын баннерлер бар.