×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Шектен шыққандық": "Қазсушар" қызметкерлері Тоқаевқа шағымданды

10.07.2023, 08:44
фото: ашық дереккөзден

"Қазсушар" қызметкерлері Президент Тоқаевқа хат жолдады. Хат мәтініне сүйенсек, олар ұйымның проблемаларына назар аудару үшін экология министрлігіне бірнеше рет жүгінген. Кәсіпорын қызметкерлері министр Зулфия Сүлейменоваға да шағым жолдапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда, жолданған хаттар олардың мәселесін шешпеген, керісінше, заңсыз қуадалау, негізсіз жұмыстан қуу жиілеген.  Ал экология министрлігі басшылық лауазымдарға «өз» адамдарын тағайындаған. Хат авторларының айтуынша, жаңа басшылардың білім-білігі  бұрынғылардан әлдеқайда төмен.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы!

"Қазсушар" РМК ұжымы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Су ресурстары комитеті лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне шағымын жеткізбек.

Біз бұған дейін 2023 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің атына біздің кәсіпорындағы ағымдағы жағдайға алаңдаушылық және "Қазсушар" РМК су шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш жолдадық", — делінген шағымда.

Айта кетейік, "Қазсушар" РМК – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетіне қарасты құрылым. Оның басты міндеті - су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суару және ауыз су беру.

Серіктес жаңалықтары