×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

2024 жылдың соңына дейін Қазақстан жергілікті сүт өнімдерімен толық қамтылады

09.10.2021, 12:37
Фото: ашық дереккөз

Сүт-тауар фермаларының қосымша қуаттарын іске қосу республиканың ішкі нарығын 2024 жылдың соңына қарай отандық сүт өнімдерімен 100% - ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта 2021-2025 жылдары аралығында жалпы өндірістік қуаты жылына 597,7 мың тонна сүт өндіретін 106,8 мың басқа арналған 169 сүт-тауар фермасын іске қосу жөніндегі жоспар әзірленген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрігінің мәліметінше, Айдан Тынан Baladna Food Industries компаниясының қызметі және алдағы даму жоспарлары туралы айтып, сүт өнімдерін тұтынудың өсуі және халықтың көбеюі есебінен болашақта сүтті тұтыну тек арта түсетінін атап өтті. Айдан Тынанның айтуынша, Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сүт және сүт өнімдерін экспорттаушы ел болуына барлық мүмкіндіктері бар.

Бұл салаға шетелдік инвестициялардың келуі оның жоспарлы дамуына ықпал етеді. Бүгінде инвесторларға "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтердің толық спектрі көрсетіледі. Сондай-ақ, инвестициядан кейінгі кезеңде де толық мониторинг жүргізіліп, әрбір инвестормен нақты жобалардың аясында барлық деңгейлерде тиісті жұмыстар атқарылады.

Сондай-ақ, Айдан Тынан министрге Қазақстанның кәсіпкерлерімен кездесулер өткізгенін және онда бірқатар инвестициялық жобалар таныстырылғаны туралы хабарлады. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы 250-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын құра отырып, қуаты тәулігіне 150 тонна шикізат болатын ірімшік өндіру зауытын салу жобасы туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары