×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Астанадағы курьерлер ереуілі: "Яндекс" мәлімдеме жасады

10.07.2023, 16:22
көрнекі фото

"Яндекс" компаниясының баспасөз қызметі ереуілге шыққан курьерлердің талабына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бағдарламалардың бірінде техникалық ақаулар пайда болды. Соның салдарынан бонус есептелмей қалған. Қазір қайта есептеу жүргізіліп жатыр. Бонустар алдағы бірнеше күнде беріледі" - делінген хабарламада.

Компаниядағылар соңғы жарты жылда Астанадағы "Яндекс" сервистерімен ынтымақтасатын курьерлердің сағатына орташа табысы төмендемегенін атап өтті.

“Қазір ол мото-тариф үшін 1700 теңгені және автомобильдегі курьерлер үшін 1900 теңгені құрайды. Сервис бұрынғы режимде жұмысын жалғастыруда", - деп мәлім етті компания.

Еске сала кетейік, кеше Астанада "Яндекстің" мопедші курьерлері ереуілге шықты.

Серіктес жаңалықтары