×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Қасақана арандату ма?": белсенді Алматыда орыс қолбасшысына ескерткіш ашылуына наразы

11.07.2023, 10:36
"Қасақана арандату ма?": белсенді Алматыда орыс қолбасшысына ескерткіш ашылуына наразы
көрнекі фото: "Москва" агенттігі

Азаматтық белсенді Тұрарбек Құсайынов Алматыда орыс қолбасшысы Александр Невскийге ескерткіш ашылғалы жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бұған Қазақстандағы православ шіркеуі бастамашыл болған,  идеяны Мәскеу патриархы Кирилл қолдапты.

"Тарихқа сәйкес, князь Александр Невский Алтын Ордаға еріксіз бағынышты болған, ол біздің көшпелі ата-бабаларымызды жек көресе де, олардың саяси билігіне мойынсұнуға мәжбүр болған. Тарихшылар оның нағыз империалист және діни фанат болғанын айтады. Неліктен Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда Кремль мен Путин әулие деп санайтын Александр Невский сияқтыимпериалистке ескерткіш ашылуы керек?"- деп наразылық білдірді белсенді.

Ол сондай-ақ іс-шара туралы ақпаратта Алматының атауы "Алма-Ата" деп  қате жазылғанын атап өтті.

"Ал президенттің есімі Қасым-ЖАмарт деп жазылған. Бұл кездейсоқ қателік пе, әлде қасақана арандату ма? Заңды тұлғалар, атап айтқанда, еліміздің діни бірлестіктері өтініштерде біздің елде қабылданған қалалар мен елді мекендердің ресми атауын қолдануы керек. Егер олар болмаса, онда олар қай елде тұрады деген сұрақ туындайды. Шынымды айтсам, Мәскеуден тағайындалған діни қызметкерлер өздерінің шовинистік антиктерін тоқтатуы керек", - деді Тұрарбек.

Сондай-ақ БАҚ ескерткішті ашу идеясын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қолдады деп жазады.

"Ескерткіш Қазақстандағы бес миллион ресейлік отандастарды қолдауға, екі елдің тарихи және гуманитарлық байланыстарын нығайтуға бағытталған және Ресей мен Қазақстанның бірлігін айшықтауы тиіс", - делінген хабарламада.

Айтпақшы, Невский ескерткішінің ашылуына арналған іс-шара туралы хабарлама  Қазақстанның православ шіркеуінің сайтында жарияланған, бірақ көп ұзамай мәтін өшірілді.