×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Абай облысындағы өрт: Тоқаевтың сынынан кейін вице-министр Күлдіков орнын босатпақ

11.07.2023, 16:29
gov.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазіргі уақытта оны қызметтен босату туралы келісу рәсімі жүргізіліп жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының басында қатты орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында Марат Күлдіковтың сөзін үзіп, оның баяндамасын "ақылға қонымсыз және өзекті емес" деп атаған болатын.

Күлдіков бұл қызметті 2020 жылдың қазанынан бері атқарып келеді.

Еске салайық, “Семей орманы” аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары