×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Теңіз түбі көрінді": мамандар Каспийдің қаншалықты тартылғанын көрсетті

12.07.2023, 16:51
"Теңіз түбі көрінді": мамандар Каспийдің қаншалықты тартылғанын көрсетті
фото: дереккөзден

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Каспий теңізіне жасалған ғарыштық түсірілім деректерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Тарихи кезең ішіндегі (15 жыл) әртүрлі уақыттағы ғарыштық түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізілді. Ғарыштық түсірілімдердің мұрағат деректеріне сәйкес, Қазақстан акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі көрінді, Каспий теңізі тартылып барады”, – делінген хабарламада.

Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша соңғы 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясы айтарлықтай қысқарған (7,1%-ға). Қазақстан бөлігіндегі Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің кең тартылған аудандары байқалады.

“Каспий теңізінің Қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құрады. 15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің анализі су беті ауданының азайғанын анықтады, бірақ теңіз деңгейі төмендегені де мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтері бойынша ең осал орын Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі болып табылады”, – дейді мамандар.

Айта кетейік, бұдан бұрын экология министрі Каспий теңізінің тартылу себебін түсіндірген.