×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстандық фермерлерге 32 млрд теңге субсидия төленбеген

12.07.2023, 19:02
фото: ашық дереккөзден

Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары фермерлерге 31,8 млрд теңгеге субсидия төлемеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін қазақстандық фермерлер 100 144 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы басқармаларының қарауында 37 236 өтінім бар, 22 444 өтінімді мақұлданған жоқ.

«Күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 32 146 өтінім тұр. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, басқармалар қазынашылық жүйесі арқылы  төленуде. Қазіргі уақытта фермерлерге шамамен 69,4 млрд теңге төленді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдауға 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгені хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары