×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы маңында жүздеген автобустың қаңтарылуы: облыс әкімдігі түсініктеме берді

13.07.2023, 10:37
видеодан кадр

Алматы облысының әкімдігі Жетіген кентінің аумағында тұрып қалған автобустарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2022 жылғы 22 қазандағы №4/547 қаулысымен жылжымалы құрамның 300-і өтеусіз негізде Алматы облысына берілген. Бұл автобустар жөндеуді қажет етті және ішінара бөлшектелді.

«Алматы облысының әкімдігі қазіргі уақытта ақауларды анықтау, сондай-ақ автобустарды қалпына келтіру, бағалау жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімдігі жөндеуге келетін машиналарды ретке келтіріп, бағдарларға шығарады. Қосып өтейік, біз кейбір машиналарды жөндей алдық және олар қазір бірнеше елді мекендер арасында жүр. Біз жаңа бағыттарды маусым айының ортасында таныстырдық»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің мәліметінше, мамандар қалпына келтіруге болатын машиналарды алып кетуде. Олар күрделі жөндеуден кейін іске қосылады.

Еске салайық, бұған дейін желіде жүздеген автобустың қаңтарылып тұрғаны түсірілген видео тараған еді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев аталған көліктерге қатысты пікір білдірген.

«Бұл автобустар жаңа емес. Олар тозған, Алматы әкімдігі пайдаланған. Қала әкімдігі оларды Алматы облысы әкімдігінің балансына беру туралы шешім қабылдаған», - деді министр  Үкімет отырысынан кейін.

 

Серіктес жаңалықтары