×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Германия есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген қазақстандықты ұстап берді

13.07.2023, 11:01
видеодан кадр

Германия Федеративтік Республикасының үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген есімді азаматты экстрадициялау туралы ҚР Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

“Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын есірткі саудасымен айналысқан тағы бір күдікті Түркиядан экстрадицияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары