×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Шүменовтің шулы төбелесі: балалы ер адам шетел азаматы болып шықты

13.07.2023, 11:14
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада бокстан әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов соққыға жыққан ер адам шетелдік азамат екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жәбірленуші Қырғызстан азаматы екені хабарланды. Қазіргі уақытта Қырғызстанның ҚР-дағы елшілігі ақпаратты нақтылауда.

Шүменовтің айтуынша, ол ер адамның қырғызстандық екенін тек полиция бөлімінде білген.

Еске салайық, боксшының сауда орталығында төбелескені туралы қауесет 11 шілдеде тарады. 12 шілдеде ақпарат ресми түрде расталды.

"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс "Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп жауап берді ІІМ өкілі.

Басы дауға қалған боксшы бұдан бұрын төбелеске қатысты өз нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол баласын қорғау мақсатында жәбірленушіге жұдырық сілтеген.

 

Серіктес жаңалықтары