×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Уимблдонның әйелдер арасындағы финалистері анықталды

13.07.2023, 23:10

Бірінші жартылай финал ойыны Украинаның әйгілі теннисшісі Элина Свитолина мен Чехия өкілі Маркета Вандроушова арасында өтті. Небәрі 1 сағат 14 минутқа созылған матчтың қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен чехиялық спортшы жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Вондроушованың финалдағы қарсыласы әлемнің алтыншы ракеткасы, былтырғы Уимблдонның финалисті Онс Жабер. Тунис мықтысы Жабер екінші жартылай финалда биылғы Аустралия Ашық біріншілігінің жеңімпазы Арина Сабаленканы (Беларусь) 7:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Кешегі ширек финалда отандасымыз Елена Рыбакина дәл осы Жаберден ұтылған еді. 

Жабер мен Вондроушова осыған дейін өзара 6 рет кездескен (3:3). Соңғы екі кездесуде Вонроушова басым болды (биыл Мельбурн -  АО және Индиан Уэллс).

Әйелдер арасындағы финалдық матч сенбі күні, яғни 15 шілде Орталық кортта өтеді. Нақты уақыты әлі белгісіз.

 

Ерик Ильясов, арнайы Ulysmedia үшін Лондоннан

Серіктес жаңалықтары