×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген ер адамның суреті пайда болды

15.07.2023, 11:03
Ашық дереккөз

Желіде Түркістан облысында бес жасар қызды зорлап өлтірген ер адамның суреті пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ер адамның аты-жөні – Гайибназаров Сайдолим Рихсибаевич. 1975 жылы туған (48 жаста).

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда спирттік ішімдік ішіп отырып, ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған.

Бұған дейін Түркістан облысында ауыл тұрғынының 5 жасар қызды айуандықпен өлтіргені белгілі болған. Әлеуметтік желіде күдіктіні полициядан қайтарып алуға тырысқан топ ер адамдар туралы видео тарап жатыр.

Серіктес жаңалықтары