×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Астанада веложарыс кезінде ер адам қаза тапты

15.07.2023, 17:07
Ашық дереккөз

Астанада өтіп жатқан «Ұлы Дала туры» веложарысы кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, Астанада өтіп жатқан «Ұлы дала туры» кезінде велошеруге қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, мерт болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдамаған.

Жарыс бойынша кезекші жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсеткенімен, өкінішке орай, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

Велошеруді ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жарысты аяқтау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 16 шілде жексенбіге жоспарланған кезең де тоқтатылды

Серіктес жаңалықтары