Самокатпен жүрген балалар бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ktk.kz-ның мәліметінше, Алматыда Абай – Брусиловский көшелерінің қиылысында екі баланы троллейбус қағып кетті. Жүргізуші мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, №5 троллейбус Абай даңғылымен келе жатқан. Сол жердегі кептелісті пайдаланғысы келген балалар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолға шығып кеткен.
Брусиловский көшесінен өткеннен кейін жүргізуші алдынан атып шыққан балаларды кеш көреді. Тежегішті басқанымен, троллейбус тоқтай алмай, екі баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.