×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қара түтін шымкенттіктерді шошытты

16.07.2023, 11:26
Ашық дереккөз

Шымкентте ірі өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 15 шілдеде күндіз Шымкентте Қазыбек би көшесінде болып, құрылысы аяқталмаған екі қабатты үйдің шатыры өртенді. Қара түтін қала тұрғындарына үрей тудырды. Қала тұрғындарының айтуынша, ғимараттың жанында жанармай құю бекеті бар.

Оқиға орнына ТЖД-ның №1 шақыруы бойынша құтқару күштері мен құралдары жіберілді. Өрт ауыздықталып, толығымен сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Кеше Шымкентте олигарх Серікжан Сейтжановтың үйі өртеніп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары