×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Jusan Bank-тегі үлесін 100 пайызға арттыратын Ғалымжан Есенов несімен танымал

16.07.2023, 15:54
Фото: Ulysmedia.kz

Жуырда Bloomberg агенттігі кәсіпкер Ғалымжан Есеновтің Jusan Bank-тегі үлесін 100 пайызға дерлік ұлғайту туралы мәміле жасай алатынын хабарлады. Ulysmedia.kz редакциясы кәсіпкер туралы деректерді шолып көрді.

Дәл қазір Есенов «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның 20,11%-ына иелік етеді (KASE деректері).

Ол академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорын құрды. Сондай-ақ кәсіпкер бұған дейін 2018-2021 жылдар аралығында «Қазфосфат» ЖШС-нің жалғыз иесі-бақылау кеңесінің төрағасы және 2013-2020 жылдары «АТФБанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Алтын дән» агроөнеркәсіп кешенінде техникаларды пайдалану және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып бастады.

Бес жыл бойы (2015 жылдан 2020 жылға дейін) Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының президенті болды.

Forbes журналының 2023 жылғы Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде 18-ші орынға ие.

Bloomberg ақпарат көздерінің хабарлауынша, акционер «Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кеткеннен бергі ең ірі активтер дауын тоқтату үшін келісім аясында жетекші қазақстандық банкті толық бақылауға алуға ниетті».

"Жақын арада жарияланатын мәміле шарттарына сәйкес Ғалымжан Есенов First Heartland Jusan Bank-тегі үлесін 20%-дан 100%-ға дейін ұлғайтады. Назарбаев Қорымен байланыста болған британдық Jusan Technologies компаниясы сатушы болады», - делінген дереккөзде.

Банктің өзі топтың активтерін Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтару туралы шешімді құптайтынын хабарлайды.

«Банк Қазақстан Республикасындағы білім беруді қаржыландыру тобының бизнесінің гуманитарлық бағыты сақталатынын қуана атап өтеді. Jusan командасы барлық клиенттеріне сенімдері үшін алғыс білдіреді және ағымдағы клиенттерге көрсетілетін қызметтер мен өнімдерді жақсартуға және банктің цифрлық қаржылық экожүйесін одан әрі кеңейтуге назар аударуды жоспарлап отыр”, – деп жазылған қаржы ұйымы таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары