×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Карлос Алькарас Уимблдон турнирін жеңді

17.07.2023, 07:49

Испания теннисшісі Карлос Алькарас тартысты бес сеттік матчта 23 дүркін Үлкен Дулыға турнирлерінің жеңімпазы, 7 дүркін Уимблдон чемпионы сербиялық Новак Джоковичті ұтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шамамен бес сағатқа созылған матчтың есебі 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4.

Орталық кортта Джокович 10 жылдан бері ешкімнен жеңілмеген еді. Алайда 20 жасар испандық теннисші бұл рекордтың жалғасуына кедергі келтірді.

Алькарас: “Менің арманым орындалды. Осы маусымдағы дайындығыма ризамын. Кішкентай кезімде Новакқа қарап өстім. 36 жаста 26 жастағы спортшы сияқты ойнай мүмкін емес. Тәнтімін,”- деді жеңістен кейін.

“Мансабымда небір матчтар өткіздім. Осыған ризамын. Бүгін үздік ойыншыға есе жібердім. Әрі қарай жұмысымды жалғастырамын мықтырақ болу үшін,”- деді биылғы Аустралия және Франция Ашық біріншіліктерінің жеңімпазы Новак Джокович.

Жылдың соңғы Үлкен Дулыға турнирі US Open 28 тамыз - 10 қыркүйек аралығында Нью-Йорк қаласында өтеді. Былтыр әйелдер арасында Ига Швентек, ал ерлер арасында Карлос Алькарас жеңген еді.

 

Ерик Ильясов, арнайы Ulysmedia.kz үшін Лондоннан

Серіктес жаңалықтары