×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Саунадағы балалар лагері: Алматы әкімдігі қызмет көрсетушімен соттаспақ

17.07.2023, 13:43
көрнекі фото: twitter

Алматы әкімдігі сауна аумағында балалар лагерін ұйымдастырған ұйыммен сотқа береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС компаниясына қатысты жауапсыз жеткізуші деп тану және одан әрі мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салу туралы талап-арыз дайындалып жатыр.

Қалалық білім басқармасы қызмет көрсетушінің мемлекеттік сатып алу талаптарына толық сәйкес келгенін түсіндірді.

Мәселен, 13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру жөнінде шарт жасалған, 15 шілдеде білім басқармасы қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі келді.

Тиісті талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйіне апару процесі шұғыл басталды. Қазіргі уақытта лагерьде бала қалған жоқ.

Жақын арада мектеп оқушылары демалыс ережелері қатаң сақталатын лагерьлерге жіберіледі.

«Қызмет көрсетушімен ағымдағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану жөнінде талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында қала сыртындағы бүкіл лагерьлер тексеріледі. Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы үнемі есеп береді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылардың сауна аумағына орналастырылғаны анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары