×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақтөбе облысында ауыл әкімін өлтірген фермерге үкім шықты

18.07.2023, 08:02
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ауыл әкімі Ернар Махамбетовті өлтірген шаруа қожалығының басшысы сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қылмыс 2022 жылғы 11 желтоқсанда Алға ауданының Сарықобда ауылдық округінде жасалған. Жанжал кезінде мас фермер ауылдық округ әкімінің асқазанына пышақ салды. Ол қатты қан кету салдарынан қайтыс болды.

Шаруа қожалығының басшысы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды.

Сондай-ақ, ауырлататын фактор ретінде мас күйінде қылмыс жасағаны ескерілді. Нәтижесінде сотталушы кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы жәбірленуші тарапқа 25 млн теңге көлемінде моральдық залалды өтеді.

Серіктес жаңалықтары