×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қырғызстанда шенеуніктер қырғыз тілін білуге міндеттелді

18.07.2023, 17:26
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан басшысы Садыо Жапаров мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуін міндеттейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ел президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Қырғызстан парламентінің депутаттары биыл мамырда мақұлдаған заң бойынша, бұдан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен мекемеде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады.

Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

Сондай-ақ, жаңа заң бойынша меншік түріне қарамастан телерадиокомпаниялар бағдарламаның кемі 60 пайызын қырғыз тілінде жүргізуге міндетті. 

Құжатта орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылатыны көрсетілген.

Қырғызстанның мемлекеттік тіл туралы заңы 1989 жылы қабылданған. 2004 жылы өзгеріс енгізілгенімен, көптеген пункттерінің қайшылықтарына байланысты орындалмаған.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов 3 жылдан кейін Қазақстанда орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылатынын айтқан еді.

 

Серіктес жаңалықтары