×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Шымкентте көшенің қақ ортасында билеген блогер айыппұл салынды

19.07.2023, 10:34
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкент полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда блогер қыз қиылысқа тоқтаған көліктен шығып, билей бастаған.

«Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патруль полиция полкінің инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол - Қызылорда облысының тұрғыны.

Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ирандық блогерлер көшеде билегені үшін 10 жылға сотталып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары