2021 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары енген.