×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Саунадағы балалар "демалысы": прокурорлар елдегі 800-ден астам лагерді тексеруге кірісті

20.07.2023, 08:26
turkystan.kz

Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ, а.ж. маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады.

“Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тексерулермен балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын қамту жоспарлануда. 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылардың сауна аумағына орналастырылғаны анықталған еді.

Қала әкімдігі қызмет көрсетуші компанияны сотқа беретінін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары