Пантеон 25 адамды жерлеуге арналған, қазір онда төрт-ақ бос орын бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық пантеон Астана маңында орналасқан, Қабанбай батыр кесенесінің айналасына салынған. Ол мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғаларды жерлеу үшін салынған.
Бүгінгі күнге дейін онда мәдениет қайраткерлері Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Қонысбай Әбіл, Әнес Сарай жерленген.
Сонымен қатар, пантеонда жерленгендер:
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин;
Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов;
Қазақстан Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева;
Парламент Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыповтың жұбайы – Баян Жақыпова;
Еңбек ардагері, Қазақ КСР бұрынғы білім министрі Қожахмет Балахметов;
Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың жұбайы – Мінаура Сағындықова;
Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов;
мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың жұбайы Мария Ғабдуллина;
кеңес мемлекет және партия қайраткері Зейнолла Шайдаров;
Социалистік Еңбек Ері Ибрагим Жанғоразов;
Қазақстанның екінші Бас прокуроры Мақсұт Нәрікбаев;
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов;
Бұрынғы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың жұбайы – Гүлбану Алтынбаева;
экономист Кенжеғали Сағадиев;
Сара Назарбаеваның ағасы Саяхат Қонақай;
кеңес мемлекет және партия қайраткері Зейнолла Шайдаров;
Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серік Кирабаев.
Айта кету керек, Үкіметтің қаулысына сәйкес ұлттық пантеонға:
Қазақстан Президенттері;
Қазақстан премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер, Президент Әкімшілігінің басшылары, Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және Ұлттық Банктің төрағалары;
Министрлер, Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек ері" атақтарына ие болған тұлғалар;
"Алтын Қыран", "Отан", "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;
"Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;
"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;
Президенттің ерекше шешімі бойынша басқа азаматтар;
пантеонға жерленуге жататын азаматтардың қайтыс болған жұбайлары жерленеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ұлттық пантеонды пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілетіні хабарланған.