×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Artsport» жобасынан жымқырылған миллиардтар: 4 адам сотталды

20.07.2023, 17:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Антикор «Artsport» жобасының жемқорлық фактілері туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттіктің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында «Artsport» жобасы шеңберіндегі жемқорлық істері жайлы ақпарат берілген.

«Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттен қаржыландыру жолымен бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 43 млрд теңге бөлінді (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге). Бағдарлама іске асырылған қысқа мерзімнің ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адамның ісі сотқа беріліп, оның 4-еуі сотталды», - делінген құжатта.

Антикор мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағдарламаға бөлінген қаражатты игерудің барлық кезеңінде анықталған.

«Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты жоба екі рет тоқтап қалды. Сондай-ақ «ArtSport» электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығы «өмірде жоқ» жандарды енгізуге мүмкіндік берді», - деп жазылған ұлттық баяндамада.

Айта кетейік, бұдан бұрын  "Рухани болашақ" қауымдастығының төрағасы Ләйлә Әбдірахманова Artsport платформасын сынға алып, платформаның заңсыз жұмысы арқылы 8 млрд теңге жымқырылғанын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, бұрынғы жезөкшелер ArtSport бағдарламасы аясында балаларды жаттықтырғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары