×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

"Мұндайды көрген емеспін": Баскетболдан команда бас бапкері ойынға үш мың жанкүйер келгеніне қуанды

27.08.2022, 16:09
Фото: nbf.kz

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Киселев Қытайға қарсы ойында «Дала қасқырларына» қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді, - деп жазады Ulysmedia.kz.

Әлем кубогіне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Қытай командасын қабылдап, 56:68 есебімен ұтылып қалды. Десе де, команда бапкері ойынға жанкүйерлердің көп жиналғанына қуанған. 

«Кеше Қазақстан командасының 2023 жылғы әлем кубогіне іріктеу кезеңінде өткізген ойынына келіп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұған дейін құраманың ойынына дәл осындай жанкүйер жиналғанын көрген емеспін. Бұл – рекорд. Үш мыңға жуық адам аренада бізге жанкүйер болды. Сіздердің қолдауларыңыз ойыншыларға күш беріп, жігерлендіре түсті. Еі қиын сәтте бірге болғандарыңыз үшін рахмет! Нағыз жанкүйер қиын кезеңде командасын тастап кетпейді. Матчтан қытайлық жанкүйерлерді де байқадық. Сіздер оларға қазақ халқының нағыз рухы мен бірлігін көрсеттіңіздер.

Сондай-ақ, бізді жылы шыраймен қарсы алған, «Сарыарқа»велотрегінің басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Өз ісінің мамандарымен жұмыс істеп, қамқорлығын сезіндік. Құрметті баскетбол жанкүйерлері, сіздерге үлкен жеңіс тілейміз.

«Дала қасқырларын» жеңіліс үшін сөкпеңіздер. Өйткені, әр команданың жеңісі де, жеңілісі де болады. Жанкүйерлердің шынайы қолдауы ғана жаңа жеңістерге жетелеп, күш, жігер береді», – деді бас бапкер.