×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстандықтардың небары 34%-ы қаржылық жағдайына қанағаттанады – зерттеу

20.07.2023, 17:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

2023 жылдың наурыз айында жүргізілген «Халықтың тұрмыс сапасы» зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 41,8%-ы өз өмірлеріне қанағаттанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өмір сапасына қанағаттанғандар үлесі ауылдық жерлерде – 46,5% (қалада – 39,6%). Өз өміріне қанағаттанған ер адам үлесі – 45,4%, әйелдерде – 39,5%.

2022 жылғы осы тектес зерттеумен салыстырғанда респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі 0,5 п. т. өсті (2022 жылы – 41,3%). Ал 2021 жылға қарағанда 19,5 п. т. төмен (2021 жылы – 61,3%).

Атап айтқанда, денсаулығына қанағаттанғандар – 47,6%, ішінара қанағаттанғандар – 49,3% жедел жәрдем қызметінің сапасына қанағаттанғандар – 56,1%,  қаржылық жағдайына қанағаттанғандар – 34% болған.

Үй шаруашылықтарының дәулеті жағынан төмен не орташа деңгейден төмен болуының негізгі себептері ретінде төмен еңбекақы – 92,7% және төмен зейнетақы – 1,4% аталған.

Жұмыс істейтін халықтың жұмыспен қамтылу мәртебесіне байланысты: 94,4%-ы негізгі себеп төмен жалақы деп атап өтті, ал жұмыссыздардың негізгі себебі, тиісінше, жұмыстың болмауы - 78,5%.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Ал Депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары