×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады

21.07.2023, 11:25
sputnik.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрыққа сәйкес, бір сағат ішінде жүріп өткен сапардың құны:

  • Жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 276 теңге (0,08 АЕК);
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 483 теңге (0,14 АЕК );
  • 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 552 теңге (0,16 АЕК );
  • Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 690 теңге (0,2 АЕК);
  • Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері, тартқыштар – 759 теңге (0,22 АЕК).

Сондай-ақ, құжатта көлік құралдарының көрсетілген санаттары үшін бір айға және бір жылға абонементтер сатып алу көзделген.

Сонымен, ай сайынғы абонементтің құны:

  • Жеңіл автомобильдер үшін бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 мың теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар мен автопоездың жүк көтергіштігі 10 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
  • Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – бір айға 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69000 теңге);
  • Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері үшін – бір айға 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы салтанатты түрде 2023 жылдың 16 шілдесінде пайдалануға берілді. Бұл жолдың құрылысы үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталды.

Серіктес жаңалықтары