×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Елде өрт өршіп тұрғанда жемқорлықпен ұсталған Дербісовтің орнын кім басты

21.07.2023, 14:42
фото: ашық дереккөзден

Нұрболат Дербісов ұсталғаннан кейін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетін төрағасының міндетін атқару оның орынбасары Дмитрий Титовқа жүктелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, жаңа төраға тағайындалғанша, оның лауазымдық міндеттерін орынбасары атқарады.

Титов 2022 жылғы мамырдан бастап өртке қарсы қызмет комитеті басшысының орынбасары қызметін атқарады, оған дейін 2019 жылғы қазаннан 2022 жылғы мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, ал одан да ертерек – 2019 жылғы сәуірден қазанға дейін ШҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Еске салсақ, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтарының парақорлығы әшкереленді.

Антикор мәліметінше, олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары