×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Маусымда қазақстандықтар рекордтық сомада несие алған

21.07.2023, 17:18
Маусымда қазақстандықтар рекордтық сомада несие алған
фото: ашық дереккөзден

Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, берілген кепілсіз тұтынушылық несие көлемі – 800 млрд теңгеден астам. Бұл да рекорд.

Бұдан басқа қазақстандықтарға 130 млрд теңгеден астам сомаға автонесие берілді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.

"Бір ай ішінде 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алған. Одан да көп көрсеткіш (бірнеше мыңға) 2022 жылдың қарашасында ғана байқалды. Жағымды жаңалықтың бірі – ипотекалық қарыз берудің орташа мөлшерінің азаюы. Маусым айында бұл 15,4 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов халықты қарызға батырған банктерге шүйліккен.

Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің депутаттық сауалында халыққа несие беру мәселесін көтерді.