×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Алматылықтар тағы да жарықсыз қалды

21.07.2023, 19:01
фото: ашық дереккөзден

 Күн райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, жарық сөнді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұл электр тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелді. Соның салдарынан алматылықтар электрден ажыратылды.

«Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 сағаттың ішінде қосу жоспарда»,- деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-дан.

Айта кетейік, 20 шілде күні де алматылықтар жарықсыз қалған. 

«Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды», - деп мәлім еткен еді жарық беруші.

Серіктес жаңалықтары