×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Данияда да Құран өртелді

23.07.2023, 08:20
Ашық дереккөз

Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында Құран кітабын өртеу акциясы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арандатуды исламға қарсы және әсіреұлтшыл Danske Patrioter (Дания Патриоттары) тобының мүшелері ұйымдастырған.

Экстремистер акцияны әлеуметтік желідегі аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетті.

Радикалдар Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық білдіру үшін арандатушылық ұйымдастырғанын айтты.

Айта кетейік, Құранның өртелуіне наразы жұртшылық мұның алдында Бағдадтағы Швеция елшілігіне шабуыл жасаған болатын.

Бұған дейін Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Швецияда Құранды өртеу акциясы туралы айтқан еді.

«Мен Швецияда Құрбан айттың бірінші күні қасиетті кітабымыз Құран Кәрімге қарсы жасалған осы зұлым әрекетті айыптаймын», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, маусымның 28-інде Стокгольмдегі мешіттің сыртында Құранды өртеуге рұқсат берген болатын.

Ақпан айында полиция Түркия мен Ирак елшіліктерінде Құран өртейтін екі іс-шара өткізу туралы өтініштерді лаңкестік әрекеттер қаупіне байланысты қабылдамады. Кейін Швеция соты бұл шешімді заңсыз деп атады.

Еске салайық, қаңтар айының соңында Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.

Бұған дейін швед полициясы шілденің 15-і күні Израиль елшілігінің жанында Таурат пен Інжілді өртеген шеру өткізуге рұқсат берген. Бұл шараға 30 жастағы ер адам өтініш білдірген. Ол манифест Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне жауап және сөз бостандығы үшін бас қосу болатынын баса айтты.

Серіктес жаңалықтары