×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады

23.07.2023, 09:16
Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады
Ашық дереккөз

Заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару ісімен айналысатын арнайы комитет құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық НҚА порталына шыққан президент жарлығының жобасында республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының жанынан ірге қалайтыны айтылған.

“Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін», - делінген құжатта.

Айта кетейік, 12 шілдеде Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойған болатын.