×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

АҚШ грин-карта ойнатуды қайта бастайтынын хабарлады

11.10.2021, 10:09
Фото: golosameriki.com

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі иммиграциялық лотереяның қайта басталатынын және жеңімпаздардың грин-картамен марапатталатынын хабарлады.

Атап айтқанда 2023 жылға арналған лотереяға тіркеу басталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz «Америка дауысына» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ Конгресі әлемнің түкпір-түкпірінен келген иммигранттарға жылына 55 мың грин-карта беруге рұқсат беріп отыр. Өтінімдерді өңдеуге уақыт болу үшін тіркеу ерте басталады.

Сондай-ақ, АҚШ билігі әзіргее бар өтінімдерді өңдеуге үлгермегенін мойындағаны турасында хабарланды, өтінімдердің көпшілігі Дональд Трамп әкімшілігі кезінде берілген. Енді виза алу құқығы келесі жылға ауыспайды және барлық процесс 12 айда аяқталуы тиіс.

«Лотереяны ұтып алу сіздің виза алуыңызға немесе виза алу үшін сұхбаттан өтуіңізге кепілдік бермейді. Лотереядан ұту адамның иммиграциялық визаны алу бағдарламасына қатысуға құқылы екенін білдіреді», - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Дональд Трамп президент боп тұрған тұста коронавирус пандемиясына байланысты грин-карта беруді тоқтатты, содан кейін оның әкімшілігі иммиграциялық визалардың жекелеген түрлерінің жойылатынын жариялады. Нәтижесінде мыңдаған виза лотереясының жеңімпаздары АҚШ-қа кіре алмады.

Серіктес жаңалықтары