×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

"Досаев жаяу жүрмейді": қоғам қайраткері әкімді Қонаев сквері үшін сынға алды

24.07.2023, 09:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қоғам қайраткері Санжар Боқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы сквердің жағдайын жақсартуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Боқаевтың сөзінше, түнде скверде тас қараңғы, өйткені шамдар жанбайды.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері онда “бәрі қирағанына” назар аударды.

"Сымдар жалаңаш жатыр, мұндай балалар көп жүреді. Қайғылы жағдай болғанын күту қажет пе?",- дейді ол.

Боқаевтың айтуынша, шенеунік қалада "мүлде жаяу жүрмейді", сондықтан бұл мәселелер туралы білмеуі мүмкін.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері Қонаев скверінің жай-күйін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев саябағымен салыстырып, соңғысына көп ақша салынатынын атап өтті.

Егер қала билігі жағдайды түзетпесе, Боқаев әкіммен жеке жүздеспек.

Дінмұхамед Қонаев – Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. Ол Қазақстанды іс жүзінде 25 жыл басқарды. Статистика бойынша, осы жылдар ішінде Республиканың өндірістік әлеуеті 700%-дан астам, өнеркәсіп көлемі –  9 есе, ауыл шаруашылығы – 6 есе, күрделі құрылыс – 8 есе өсті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Досаев Алматы әкімдігінен автотұрақтарға төленген миллиардтартың кімнің қалтасына түскенін жария етуді талап еткен.

Серіктес жаңалықтары