×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Анасын аяусыз соққыға жыққан ақмолалық сотталды

24.07.2023, 15:53
Анасын аяусыз соққыға жыққан ақмолалық сотталды
фото: ашық дереккөзден

Анасын аяусыз тепкілеп, денсаулығына ауыр зиян келтірген ақмолалық 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық сотында «анасының денсаулығына ауыр зиян келтірді» деген айыппен жұмыс істемейтін, бұрын соттылығы бар ер адамға қатысты қысқартылған тәртіппен (Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша) қылмыстық іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, 66 жастағы әйел үйінде құлап, жамбас сүйегі сынған. Оны өзінің ұлы мас күйінде ұрып-соққан. Мас болып үйіне келген ол ауырыңқырап жатқан анасынан тұруды талап етіп, оған айқайлаған. Төсектен еденге итеріп, кеудесінен және ішінен тепкен. Мұнан соң ұйықтап қалған ұлы бірнеше сағаттан кейін оянып, анасының ыңырсығанын естіп, жедел жәрдем шақырған.

«Зардап шегуші жамбас сүйегінің жабық сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды, кеуде жарақаты, алты қабырғаның сынуы, кеуде гематомасы, жамбас сүйегінің сынуы, іштің жарақаты, көкбауырдың жарылуы, іш қуысында қанның жиналуы анықталды. Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінді. Жәбірленуші анасы оны кешірді, ұлына ешқандай талап қоймады, оны бас бостандығынан айырмауды өтініп сұрады», - деді ведомстводан.

Жаза тағайындауда сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды – әрекетіне өкінгенін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды - мас күйінде қылмыс жасағанын ескерді.

«Сот үкімімен ер адамға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және 575 398 теңге сомасында (жәбірленушіні емдеуге шығындар) материалдық залал өндірілді. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыруды өтеу орны бойынша алкоголизмнен емдеу бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды. Бас бостандығынан айыру жазасы ер адамға іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің жоғарылауына байланысты тағайындалады», - деп толықтырды ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.